«Девственник» құмар Есқалиеваны эфир түгіл, тойға да шақыруға болмайды…Маңдайға басқан жалғыз ұлттық арнамызда ұят жағдай орын алды. Бұл жайында сәл кейінірек. «Қазақстан» арнасындағы «Екі жұлдыз» жобасы ел көңілін аудар¬ған бағдарлама болып тұрғаны рас.Ұйымдастырылу жағынан да, бай сахналық декорация, бүгінгі күн талабына сай безендіру, жақсы жарнама мен танымал жүргізушілер шетелден көшіріліп әкелген жоба¬ның көркемдігін арттырғанын айтуымыз керек. Бірақ онда жөн-жосықсыз орыс тіліне басымдық беру, жүргізуші Баянның батыстық стильге еліктеушілігі көзге шық¬қан сүйелдей көрініп қалатын. Жұлдыздарды іріктегенде кім көрінгендердің кіріп кеткендеріне де куә болдық. Жұлдыз деп елге белгілі есім иелерін айтатын еді, бұлардың ішінде ел аты-жөнін бірінші рет естіп тұрғандар да болды. Парламентте не істерін білмей отырған екі депутат – екеуі де ана тілінде мақұрым, күндіз-түні зейнеткер шал Нидің денсаулығын ойлап жүретін сенатор Ғани Қасымов пен саяси сауаты 23 ақпан Кеңес әскерлері күнін атаумен шектелетін Тәңірберген Бердіоңғаров «Екі жұлдызда» жүр. Әнші керек болса, Бекболат пен Нұрлан секілді әйгілі әншілерді айтпағанда, спикер Орал Мұхамеджановтан бастап, әнді әдемі айтатын талай депутат бар.
2010-02-09 14:18:50








